Колледж миссиясы: Жоғары кәсіптік білім беруді ұйымдастыра отырып, жұмыс берушінің, колледждің және білім алушылардың мүдделеріне сәйкес, кәсіби құзыретті, білікті маман даярлау.

Колледж туралы

 

                                               Маңғыстау облысы тұрғындарының назарына!

 Бейнеу гуманитарлық колледжінің білім саласына қатысты сұрақтар бойынша төмендегідей байланыс телефондарына хабарласуыңызға болады.

 

 Колледж басшысы - Жаулы Гүлстан Жазықбайқызы
 8(72932)2-51-05
 +7(702) 500 33 96
 

 Басшының оқу ісі жөніндегі орынбасары - Мектепова Лиза Ермекбаевна 

+7(701) 605 79 74

 

 Басшының оқу өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары - Әділов Серік Кәрісбайұлы
 8(72932)2-51-49
 +7(771) 812 32 83

 

 Басшының ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары-Жаңбырова Гүлжамал Сұлтанқызы
 8(72932)2-51-49
 +7(705) 392 35 62

 

 Басшының ақпараттық технолгиялар жөніндегі орынбасары-Жұмагұлова Ақкенже Байтөреқызы
 8(72932)2-51-05
 +7(702) 189 91 95
 

 Басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары-Қадырбаева Зәуреш Тұрашқызы
 8(72932)2-51-05
 +7(707) 336 06 32

 

 Бейнеу гуманитарлық колледжінің қабылдау бөлімі:
 8(72932) 2-51-06

 

 

 

 

 

Колледжімізде Маңғыстау облысының білім басқармасы, «Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы » КММ-сімен бірлесе ұйымдастырған «Оқытудың кредиттік-модульдік технологиясын қолданудың негізгі бағыттары мен ерекшеліктері» тақырыбындағы облыстық семинар өтті.


✅️ Семинардың мақсаты:
-Оқытудың кредиттік-модульдік технологиясын қолдана отырып, болашақ мамандардың кәсіптік дағдылары мен шеберлігін қалыптастыру жолдарын үйрету, өзара тәжірибе алмасу;
- Оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың жаңа тәсілдерін тиімді қолдану арқылы педагогтардың кәсіби құзіреттілігін дамыту мүмкіндіктерін арттыру;
- Курстан өту бойынша кері байланысты ұйымдастыру.
✅️ Аталған семинарға Маңғыстау облысы білім берудің оқу- әдістемелік орталығының өкілдері, жергілікті атқарушы органдар, әлеуметтік серіктестік өкілдері, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының инженер – педагогтері мен өндірістік оқыту шеберлері қатысты.
✅️ Семинар бағдарламасына сәйкес ашылу салтанатында колледж директоры Г. Жаулы құттықтау сөз сөйлеп, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А. Жумагулова «Академиялық дербестік негізінде кредиттік-модульдік оқыту технологиясы бойынша оқу жұмыс жоспарын дайындау» тақырыбында баяндама оқыды.
✅️ Колледж оқытушылары
Б. Каракулов Дене тәрбиесі және спорт тарихы пәнінен,
Г. Тургалиева Ағылшын тілі пәнінен BOPPPS моделімен жоспарланған сабақтар өткізсе, Б. Демеуов студенті
Б. Өткелбаевпен Дене тәрбиесінен,
Б. Дәулетова әлеуметтік серіктес мекеме «Балдырған» бөбекжайында студент Ш. Бағытжановамен Worldskills стандартының тапсырмалары бойынша әзірлеген ашық сабақтарын өткізді.
✅️ Сондай-ақ оқытушылар
Н. Аюпова мен Ә. Махмутова «Сабақ құрылымы барысында сандық дидактиканы қолдану», Л. Мектепова «BOPPPS моделі бойынша сабақ жоспарын әзірлеу», А. Жумагазина мен Ғ. Жолаева «Білім алушыларды пәнге қызықтыруда LUMIO by SMART платформасының мүмкіндіктері» тақырыбында шеберлік сыныптарын өткізді.
✅️ Семинар барысында колледжде оқу жылына жоспарланған ауызша журнал шығарылымының №2 номері оқытушылар Т. Қадыр,
Э. Қосшыбекова,
Г. Жолдасбаеваның ұйымдастыруымен
Д. А. Қонаевтың 110 жылдығына арналған «Ғибратты ғұмыр» тақырыбында көрерменге ұсынылды.
✅️ 1 күнге созылған семинар соңында семинар жұмысын қорытындылау, пікіралмасу мақсатында дөңгелек үстел өтті. Қатысушылар семинар жұмысын жоғары бағалап, Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы өкілдері, колледж директорының оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Г. Жаңбырова қорытындылады.
Білім Берудің Оқу-Әдістемелік Орталығы
Бейнеу Оқу-әдістемелік-орталығы
Оқу Әдістемелік Кабинеті


Колледж жаңалықтары

"Колледж жаңалықтары"

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

"WORLDSKILLS Kazakhstan - 2024" ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КОЛЛЕДЖІШІЛІК КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

    Бүгін «WorldSkiils Kazakhstan - 2024» чемпионатының колледжішілік кезеңінің ашылу салтанаты өтті. Чемпионтақа колледж оқытушылары мен колледждің әлеуметтік серіктес мекемелерінен сарапшылар қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
   “ WorldSkiils Kazakhstan -2024” чемпионатының колледжішілік кезеңінде 13 құзіреттілік бойынша 87 білім алушы бақ сынасатын болады. Чемпионат 19 ақпан – 23 ақпан аралығында өткізіледі  Чемпионатқа қатысушыларға сәттілік тілейміз!

 

 

 

 

 

 

ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

   Маңғыстау Облысының Білім Басқармасы Маңғыстау аймақтық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен Техникалық және кәсіптік білім беру оқытушыларының облыстық спартакиадасының баскетболдан ерлер арасындағы жарыста колледжіміздің командасы жүлделі II орынға ие болды!

 

 

«Мамандықтар шеруі - 2022» колледжішілік байқау
«Мамандықтар шеруі - 2022» колледжішілік байқау
«Мамандықтар шеруі - 2022» колледжішілік байқау

«Мамандықтар шеруі - 2022» колледжішілік байқау

Студенттердің  ғылыми  қоғамының жұмыс жоспарына сәйкес,колледж директорының бұйрығымен,арнайы бағдарлама жасақталып  Бейнеу гуманитарлық колледжінде студент жастардың колледж  өмірінің түрлі салаларын дамытуға қатысуы мен рөлін арттыру, білім алушылар мен педагогтерді бірлескен қоғамдық мәнге ие кәсіптік бағдар қызметіне тарту, студенттердің ұжымдық жауапкершілік сезімін бекіту және қалыптастыра отырып мұғалім мамандығының беделін арттыру мақсатында 2022 жылдың  08-09 желтоқсан күні  колледжішілік  «Мамандықтар шеруі - 2022»байқауы өткізілді.

21-25 қыркүйек аралығындағы дәстүрлі «Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте !» тақырыбында өткен тіл апталығы

21-25 қыркүйек аралығында өткен тіл апталығы төтенше жағдайға байланысты ZOOM бағдарламасы бойынша өткізілді. 21-25 қыркүйек аралығында өтетін «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» тақырыбындағы тілдер апталығының ашылу салтанатын  Сарбалаева А, Жолдасбаева Г. ұйымдастырды. Қазақ ойшылдарының тіл туралы видеоролигі көрсетілді. Колледж директоры Қаныбек Әбдібекұлы видео- құттықтауы арналды. Колледж оқытушыларының тіл апталығының ашылуымен құттықтауы жолданды. Колледж оқушыларының тіл туралы белгілі ақындардың өлеңдері  қазақ тілінде, ағылшын тілінде, орыс тілінде мәнерлеп оқылды.

«Қауіпсіз интернет» республикалық ақпараттық компаниясының   тұжырымдамасына байланысты  шаралардың  ұйымдастырылуы  мен  өтілуі туралы

«Қауіпсіз интернет» республикалық ақпараттық компаниясының тұжырымдамасына байланысты шаралардың ұйымдастырылуы мен өтілуі туралы

Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжі  ағымдағы жылдың сәуір айының 4-17сі аралығында «Қауіпсіз интернет» республикалық ақпараттық компаниясының тұжырымдамасына байланысты  шараларды  жасөспірімдер мен кәмелетке толмағандардың, педагогтер мен ата-аналардың назарына агрессивті Интернет мазмұнының әсерінен болатын проблемаларды түсіну деңгейін арттыруға бағытталған ақпаратты жеткізу, Интернет ресурстарды қолдану мәдениетін, кәмелетке толмағандар мен жасөспірімдердің  Интернетке кіру белсенділігін бақылауға қатысты Интернет-қызметтерде ересек қолданушылардың жауапкершілігін жоғарылату мақсатында жоспарлы түрде ұйымдастырды

Сурет галереясы